ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылығы, ал жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Жайсан орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту мақсатында «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында құқықтық-профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараны мектептің әлеуметтік педагогы, осы жолдардың авторы ұйымдастырды. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Умбетова, Шу АПБ ҚҚБ УПИ полиция майоры Д.Усенбаев және Шу АПБ ҚҚБ ЮПТ полиция майоры А.Мұсабек қатысты. Кездесу барысында полиция инспекторлары сөз сөйлеп, оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға әрбір әрекеттің салдары болатыны, өзгенің құқығын құрметтеу мен заң талаптарын сақтау – саналы азаматтың басты міндеті екені түсіндірілді.
Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік бар! Заңды құрметтеген ұрпақ – ел болашағының кепілі! Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік, әділдік, адамгершілік және өзара құрмет қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың қауіпсіздігі тек мектептің ғана емес, ата-ананың, құқық қорғау органдарының және бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір бала өз құқығын біліп, міндетін түсініп, қорқынышсыз әрі қауіпсіз ортада білім алуға лайық.
Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақтың бастауы! Заңды білу, тәртіпті сақтау және бір-бірімізді құрметтеу арқылы ғана қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз.
Мадина Даулетказина,
Жайсан орта мектебінің әлеуметтік педагогы.