КОНСТИТУЦИЯ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің кепілі. Конституцияда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі нақты айқындалған.
Конституция ережелері мен баптарын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Заң алдында барлық азамат тең және әркім Ата Заңда белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. Ешбір адамның лауазымы, мәртебесі немесе қоғамдағы орны заң талаптарын елемеуге негіз бола алмайды.
Заңды құрметтеу – құқықтық мәдениеттің көрінісі. Конституция нормаларын сақтау арқылы біз әділетті қоғамның қалыптасуына, елдегі бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына үлес қосамыз.
Заңға құрмет – елге құрмет. Конституцияны сақтау – баршамызға ортақ міндет!