Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ
Шу аудандық орталық ауруханасына қарасты емханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға аурухананың комплаенс-офицері Беймбетова Жанаткүл Бағзатқызы және ішкі қаржылық аудит маманы Аристеев Тынышқан Зағипбайұлы қатысты.
Кездесу барысында емханаға келушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерін адал атқару бойынша түсіндіру сабағы өткізілді.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Аудандық орталық ауруханасы.