Сапалы инфрақұрылым – ел дамуының негізі!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапалы салынуы керектігін ерекше атап өтті. Бұл – бүгінгі күннің өзекті талаптарының бірі. Себебі жолдар, әуежайлар, емханалар, мектептер, шығармашылық үйлер мен спорт кешендері халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Менің ойымша, кез келген құрылыс жұмысы ең алдымен сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамытуға басымдық берген жөн. Өйткені әрбір тұрғын сапалы жолмен жүріп, заманауи мектепте білім алып, медициналық қызметке қол жеткізіп, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алуы қажет.
Сонымен қатар, салынған нысандардың сапасына тұрақты бақылау жүргізіліп, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы да маңызды. Құрылыс нысандары тек есеп үшін емес, халықтың нақты қажеттілігін өтеу үшін салынуы керек.
Сапалы инфрақұрылым – халықтың жайлы өмірі мен жарқын болашағының кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, барлық талап мүлтіксіз орындалуы қажет!