Ақпараттық портал

ЖОМАРТТЫҚ ЖАН ЖЫЛЫТАДЫ

Аптаның ортасында «Sultan palas» мейрамханасында аудан кәсіпкерлерінің атынан жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өткізілді. Қысқы мерекелік шара әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұрғындарға арналып ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Шу ауданының Құрметті азаматы Жұмахан Оспанов, № 38 БЖСМ-нің директоры Сайфидин Абдыманапов, меценат Қазақбай Байжұманов, еңбек ардагері Ержан Өмірәлиев және салтанатты кешті ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар кәсіпкерлер қатысты.
Жаңа жылдық дәстүр бойынша балалар Аяз ата және Ақшақармен әңгімелесіп, ән айтып, би билеп, сайыстарға қатысып, әсем әуен ырғағында шыршаны айналды. Жаңа жылдың басты кейіпкерінің рөлін белгілі суретші, мүсінші Қали Қораласбаевтың сомдағанын айта кеткен жөн.
Шара барысында балалар кәсіпкерлер атынан дайындалған түрлі жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан жиналған қаражатқа көлемді жеміс-жидек жиынтығы сатып алынды.
Өз кезегімізде жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан «Sultan palas» мейрамханасының басшылығы мен кәсіпкерлерге зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Ауданымыздың жомарт жандарын осындай іс-шараларға жиі үлес қосып, әлеуметтік әлсіз топтарға үнемі қолдау көрсетуге шақырамыз.
Сурет автордікі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.