2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН ЗЕЙНЕТАҚЫ, ЖӘРДЕМАҚЫ ӨЛШЕРЛЕРІН АРТТЫРУЫ ТУРАЛЫ
«Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері -10,5 пайызға арттырылды.
01.01.2023 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрады, яғни жаңадан 2023 жылы тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 189 750 теңгені құрады (55х3450).
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының жобасына сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшері -53076 теңге мөлшерінде белгіленді. Осылайша, еңбек өтілі толық зейнеткер үшін 2023 жылы зейнетақы төлемі -77417 теңгені құрады (ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақыны қосқанда).
Еңбек сіңірген жылдары үшін күш құрылымдарынан зейнетақы алушылардың зейнетақы төлем мөлшерлері алып отырған зейнетақы төлем мөлшерлерінен 10,5 пайызға арттырылды.
Базалық зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленеді. 2023 жылдың қаңтарынан 24341 теңге мөлшерінде белгіленген.
Базалық зейнетақыны жасына байланысты зейнетақыға қосымша барлық зейнеткерлер, сондай-ақ, өз жәрдемақыларына қосымша зейнеткерлік жасына жеткен мүгедектер алады. Зейнеткерлік жасына жеткен, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша немесе жасына байланысты жәрдемақы алушы тұлғалардың, көрсетілген жәрдемақылар орнына базалық зейнетақыны алуға құқықтары бар.
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда отбасының табысына қарамастан төленетін төлем, 2014 жылдың сәуір айынан 38 АЕК мөлшерінде төленуде. 2023 жылдың 1 қаңтарынан 131 000 теңгені құрайтын болды.
Баланы және ананы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жанұяда төрт және одан да көп баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2014 жылдың сәуір айынан 63 АЕК мөлшерінде төленіп келеді. 2023 жылдың қаңтарынан жәрдемақы мөлшері 217 350 теңгені құрады.
Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджеттен отбасының табысына қарамастан төленеді. 2023 жылы 8,5 пайызға арттырылды: