ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҚАШАН ЗАҢДАСТЫРЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Үкімет Қазақстан аумағына әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру ережесін бекітті.
Брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үкімет 11 қаңтарда “Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы” қаулыға қол қойғанын хабарлады.
Бұл құжат Қазақстан аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарының бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды утилизациялық алым төлеуден босатудың тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды. Игорь Лепеханың сөзінше, заңдастыру кезінде утили-зациялық алым талап етілмейді.
Бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін көлік иелері тек 200 000 теңге мөл-шеріндегі бір реттік төлем жасайды.
Ол үшін көлік: елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
іздеуде болмауы тиіс;
басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек;
кедендік тексерістен өтуі қажет.
Шетелдік автомобильдерді бастапқы тіркеудің бұл тәртібі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады және М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оның ішінде рулі оң жақта орналасқан көлік құралдарына қатысты болмақ.
И.Лепеха хабарлағандай, жуырда бекітілген ережелер алғаш-қы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, ІІМ өкілі атап өткендей, ереже 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбі күні) күшіне енеді және сол күннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталады.
KAZ.NUR.KZ