Ақпараттық портал

Сыйлаған бейбіт өмір туған елге! батырлар рухына тағзым

Ұлы Жеңіс бұрынғы Кеңес Одағының барша халқының өмір құндылығы мен мықты рухын жаншыды. Сол жылдары үлкен қалалар мен шеткері елді мекендер тұрғындары «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» деген ұранмен өмір сүрді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл облысынан майданға жүз мың адам жөнелтілген. Егер, сол кездегі халық санының 400 мың адамнан сәл астам болғандығын есепке алар болсақ, фашистік жауды талқандауға әр төртінші жамбылдық жөнелтіліп отырған.
Жамбылдықтардың Ұлы Жеңіске қандай үлес қосқандығын тараздық тарихшы-өлкетанушы Уәлихан Әлімханов былайша әңгімелейді:
«1941 жылы гитлерлік Германияның әскери әрекеті басталысымен ел тұрғындары туған жердің тәуелсіздігі мен еркіндігін, ел намысын қорғау жөнінде шешімге келгендіктерін жариялады. Жұртшылық өкілдері митингілер мен жиындарда фашистік Германияның елді талқандауына қарсылық танытып және бұл қарсылық жеңіспен аяқталатынына сенімділік білдірді.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінде-ақ Жамбыл облысында азаматтарды әскери оқу-жаттығуға шынықтыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Он мың еңбеккер атыс қаруын арқалап, санитарлық істерді меңгеріп, зениттік және химиялық қорғанысқа қарсы заттарды иеленді. 1941 жылдың қазан айында облыс орталығында 73 өзін-өзі қорғау тобы мен АҚХҚ тоғыз пост іске кірісті, жеті мыңнан астам атқыш, 95 телеграфист, 29 хат тасушы ретінде әуе кептерлері, 275 медбике дайындалды.
Оқу-жаттығумен бір уақытта әскери бөлімдерді, оның ішінде ұлттық әскери бөлімді жасақтау үшін майданда адам ресурсына жаппай мобилизация басталды. 1941 жылы шілде айында Алматыда 316-атқыштар дивизиясы, кейін қайта жасақталған Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылды. Бұл дивизия құрылымына Қазақстанның ең мықты деген ерлері – қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, ұйғырлар және өзге де ұлт өкілдері бірікті. Олардың арасында біздің жерлесіміз, Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлы болды.
Соғыс жылдарының барлық кезеңінде әскери резервті даярлау, майданға әскери бөлімдерді құрылымдау және жөнелту ісі тоқтаған жоқ. 1943 жылдың қыркүйек айына дейін біздің облысымыздан 81-ші кавалерлік және 105-ші ұлттық кавалерлік дивизия, 678-ші арнайы атқыш және 253-ші арнайы инженерлі-құрылыс батальоны, үш жұмыс батальоны, бес теміржол ротасы мен газсыздандыру отряды жасақталды.
Ұлттық кавалерлік дивизияны жасақтау 1941 жылдың қараша айында басталып, ол үшін қала мен облыс аудандарында партиялық және кеңестік органдардың жауапты қызметкерлерінен комиссия құрылды. Комиссия мүшелері тұрғындар арасында үгіт-нсихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұлттық бөлімге өз еріктерімен қосыламын деушілерден өтініштер қабылдады. Жұртшылық өкілдері: «Фашистік басқыншыларды түп-тамырымен жоюды тілейміз» деген сөздер жазып жатты. Еріктілер арасында жауға қарсы тұруға оннан астам әйел адамдар да бой көрсетті. Тек үш күннің ішінде шақырылушыларды жинақтау барысында мысалы, Меркі ауданының өзінен 82 адам келді. Сонымен қатар, сол жылдардағы құжаттардан байқағанымыздай, тұрғындар қабылдау пунктіне 116 жылқы, ершіктер жеткізді. Дивизияны материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілді. Мұның аясында 56 тонна бидай, 250 тонна шөп, 10 тонна ет, 812 дана тон, 800 етік, көптеген жылы киімдер жіберілді.
105-ші ұлттық кавалерлік дивизияны майданға жөнелту 1942 жылдың 20 маусым – 1 тамыз аралығында жүргізілді. Ал, 26 маусымда «Спартак» стадионында (қазіргі «Тараз») бұл дивизияға Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің туы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының тапсырмасымен оны республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты, партияның облыстық комитетінің бірінші секретары М.И.Ткаченко табыстады. Бұл туды дивизия командирі, генерал-майор Кирзимов қабылдады. Митингте жауынгерлер жаудың көзін құртуға уәде берді.
«Мен майданға гитлерлік басқыншылардың көзін жою үшін бара жатырмын»,-дейді кавалерлік дивизияның жауынгері Саурбай Конарбаев. «Соңғы қасық қаным қалғанша жаумен шайқасуға уәде беремін. Анам мені туғанда, ұл дүниеге келгені үшін қуанды. Мен анам менімен мақтанып жүретіндей болуы үшін осы қуанышты ақтауға тырысамын».
Жамбылдықтар өздерінің көпұлтты Отаны үшін Брест қамалы, Ленинград, Киев, Минскі, Одесса, Севастополь, Мәскеу қалаларын қорғау жолында күресті. Олар Бухарест пен Белград, Будапешт және Варшава, Вена мен Прага көшелерінде неміс фашистерін соққыға жықты. Көптеген жамбылдықтар «Будапештті алғаны үшін», «Белградты босатқаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен мараптталды.
Біздің жерлестеріміз партизан қозғалысына да белсенді қатысты. Мысалы, жерлесіміз Тұрғынбек Тындыбеков партизан қозғалысын жетілдірудегі еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. 1943 жылдың қыркүйек айында жамбылдық батыр Сыдық Хайдарходжаев Белорустің Могилевскі облысындағы 115-ші Таулы партизан бригадасының 4-ші партизан отрядына жазылып, қарсыластардың төрт автоматы мен бес винтовкасын ұрлап әкетеді. Хайдарходжаев қатарда жүріп партизандардың Қызыл Әскер қатарына енуіне дейінгі барлық жауынгерлік операцияларға қатысады. Қатардағы жауынгерлердің есебінде көзі жойылған мыңдаған фашист, ұрыс техникалары, жарылған эшелондар, қираған темір жол рельстері болды.
Соғыс жылдары көптеген жамбылдық әйелдер де жаппай ерлік пен өжеттіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Олар Отанымыздың Тәуелсіздігі мен еркіндігіне тылдағы ерен еңбектерімен ғана емес, Ұлы Отан соғысы майдандарында қолдарына қару алып, үлкен күшпен үлес қосты. 1943 жылдың ақпан айында жамбылдық 270 нәзік жандылар Қызыл Әскер қатарында жаумен шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдарында жамбылдықтар біздің көшелерімізде Жеңіс күнінің атап өтілуі үшін қолдан келген бар күш-жігерлерін төкті»-дейді У.Әлімханов.
Өздерінің батырлық пен ерлікке толы ізін қалдырғандар арасында Шу ауданының тумалары да бар. Солардың бірегейі Саттар Естемісов пен Сәду Шәкіров Кеңес Одағының батыры атанды. Ал, Михаил Перепелов «Даңқ» орденінің иегері. Біздің ауданымыздан майданға алты мыңнан астам адам аттанған. Шамамен олардың жартысы соғыс алаңында ерлікпен қаза тапты.
Бұл күндері бүкіл адамзат баласы Ұлы Отан соғысы жеңісінің кезекті белесін атап өтіп жатқан кезде біз еркіндік пен бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған осы соғыстың қатысушыларының ерен ерлігіне бас иіп, рухына тағзым етеміз.
Дайындаған
Руслан Хайруллин

Leave A Reply

Your email address will not be published.