Ақпараттық портал

Мектепке сағыныш

Мектебімізде «Жомарт түлек» акциясы аясында «Мектепке сағыныш» тақырыбында мектебіміздің түлектерімен кездесу өткізілді.
Мұндағы мақсат – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту.
Кездесуге мектебіміздің түлегі, ардагер ұстаз Тастанова Айжан Қалыбайқызы және Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл магистралдық желі» бөлімшесінің менеджері Бакыткуль Алимжанкызы апайларымыз қатысты. Ардагер түлектер мектеп кезіндегі естеліктерін оқушылармен бөлісіп, оқушыларымызды жақсы оқуға, терең білім алуға шақырды. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушыларына өз мамандықтарының қыр-сыры жөнінде әңгімелеп, олардың сұрақтарына жауап беріп, өзара ой бөлісті. Кездесу соңында мектебіміздің түлектері интернат тәрбиеленушілерімен бірге мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
Айнұр КУСАБАЕВА,
А.С.Макаренко атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.