Ақпараттық портал

Өзіндік соқпақ салған өнер мектебі

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жұмысты айтады. Қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар халықпен бірге біте қайнасқан тұрмыс-тіршілігі. Қолөнер сол халықтың өркениетін, мәдениетін, тарихынан хабар беретін бірден-бір жәдігер. Қазіргі кездегі қазбалардан шыққан заттарға қарап, сол халықтың мәдениеті мен өркениетін, даму деңгейін анықтап, өз бағаларын беріп жүр.

Мысалы, Алтайдан табылған ең көне шалбарды неміс ғалымы Майки Вагнер тауып зерттеп, қалпына келтіріп, ол шалбар осыдан 3000 жыл бұрын көшпенділердің шалбары екені, ол кестеленген сол кездегі керемет киім үлгісі деп баға берді.
Осындай жәдігердің бірі – Пазырық қорғанынан табылған көне сырмақ, б.э.б V ғасыр. Сол заманда оюлау әдісінің симметриялылығы, графикалық анықтылығы қазіргідей тігу әдісі аппликация және инкрустация. Айта берсе осындай біздің ұлттық құндылықтарымыз жетерлік.
Қазақ халқы қолөнерін үздіксіз дамыта отырып тұрмыс-тіршілігін жақсартты. Қолда бар жүн, тері, сүйек металды т.б. материалдарды ұтымды пайдаланды. Музейдегі көне заттар біздің ата-бабамыздан қалған мұра, халықтық құндылығымыз. Оларды жоғалтпай, қайта жаңғыртпау – бізге сын.
Қолөнер этномәдениеттің маңызды бір саласы есебінде тарихи тамыры зерделеніп, оның ұлттық рух шеңберінде өркендеуі қажет. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұлттық мәдениетімізді сақтау, дамыту күн тәртібінде тұрған басты мәселеге айналу керек.
Қазақтың қазақтығын көрсететін бірден-бір белгі – тілі, киім үлгісі, қолданыстағы заттары. Көне заттарға жаңа түр беріп, дамытып, қолданысқа қайта енгізу, қолданысқа кірмесе өнер туындысына айналдыру өнер адамдарының алдына қойған мақсаты болу керек.
Осындай мақсатпен жұмыс істейтіндердің бірі – өнер мектептері. Мектеп мұғалімдері өз шығармашылығын дамыта отырып, халық шеберлерін дайындайтын тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмыс істейді. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері қолданыстан шығып қалған заттарды қайта жаңғыртып, өнер туындысына айналдырып жүрген жандар. Мысалы, ши тоқу, шым шиді заманауи түр беріп сәнді бұйымға айналдыруда. Жүн өңдеуде қолданыстан шығып қалған текемет сырмақты жетілдіріп, заманауи материалдар қолданып, жетілдіріп қайта енгізу келешектің еншісінде.Бүгінгі күні қазақ ұлттық киімдерін жаңғыртып, заманымызға сай ұлттық кодын сақтап, керемет үлгілерін жасап жүрген шебер көп.
Біздің өнер мектебінің мұғалімдері осы салада еңбек етіп, шығармашылықтарын шыңдап жүрген ұжым. Жоғарыдағы әнгіменің айғағы есебінде осы наурыз айында халыққа көрме қойдық. Ши тоқудың, жүнмен жұмыстың жаңа түрлерінен көрсетіп, 11 жұмыстан тұратын техникасы жүн-жапсырма, шеку әдісімен жасалған «Өркениет» топтамасын ұсындық. Көрмеде осы саладағы шеберлер жақсы бағасын берді. Бұл топтаманы жасауда бүкіл ұжым атсалысты. Мектеп басшысы Аяужан Ақжолова бастаған ұжым болып Наурыз мерекесінде халыққа ұсындық. Бұл топтамаға кіретін жұмыстардың өз тақырыбы, өз ойы, айтары бар жұмыстар. Мысалы, «Мейірімділік», «Қарлығаш би», «Сырласу», «Баянды махаббат», «Шаттық», «Бусанған дала» т.б.
Бұл топтаманың ойдағыдай шығуына мектебіміздің білікті мамандары басшылық жасады. Бұл жұмыстарға үлгі болатындай авторлық шығармашылық жұмыс болды.
Келешекте мектебіміздің жұмысы қазақ ұлттық өнерінің көркемділігін жоғалтпай, қазақи нақыштарын сақтай отырып, көркем туындылар жасауға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға, жаңаша ізденуге бағытталған.
Өнер мектебінің бейнелеу өнері бірлестігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.