Ақпараттық портал

Әлеуметтік төлемдер көлемі артуда

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджеттен төленетін және міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) акционерлік қоғамынан төленетін жәрдемақылардың мөлшерін арттыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне сай күшіне енеді:
– Мүгедектік мөлшеріне дейін жеткізілген зейнетақы төлемдері және жағдайы бойынша асыраушысынан айырылғаны үшін жәрдемақылар;
– Бұрын «Батыр ана» атағын алған «Алтын алқа» алқасымен марапатталғандар, I және II-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар үшін жәрдемақылар;
– Мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
– Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
– Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге берілетін жәрдемақылар;
– І-топтағы мүгедектерге күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін жәрдемақылар;
– Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
– Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
– Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға арттырылатын болады.
Ал бұрын «Батыр ана» атағын алған «Алтын алқа» алқасымен марапатталған, I және II-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандардың жәрдемақысы 6,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен – 7,4 айлық есептік көрсеткішке, яғни 3450 теңгеге арттырылып, 25530 теңге болады.
И.Оңланбеков,
Шу ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.