Ақпараттық портал

Еске алу турнирі

Ауданымыздың аға буын өкілдерінен құралған тұрғындары өткен ғасырдың 80-ші жылдарында аудандағы футбол ойыны деңгейінің өте жоғары болғандығын жақсы біледі. Мысалы, «Локомотив» командасы Алматы теміржол бөлімі арасында бірнеше рет чемпион атанса, Жамбыл облысының чемпионы, Қазақ КСР кубогының ойынына қатысушы болды. Ал, «Қайрат» командасы ауыл командалары арасында Қазақ КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы, Жамбыл облысының жүлдегері.

Аталмыш жарыстарға «Локомотив», «Қайрат», «Вагонник», «Далақайнар» командаларынан іріктелген командалар қатысты. Негізгі ойындардың шабуылшысы «Вагонник» командасының өкілі, ұзақ жылдар бойы Шу стансасы вагон депосының әдіскері болып еңбек ете жүріп, аудан спортын дамытуға қомақты үлес қосқан Тараэль Романұлы Гизутдинов болды. Оның футбол ойынындағы шебер тәсілдері әлемдік футбол жұлдыздарының әдістерін еске түсіреді. Өмірінің соңғы жылдарында Т.Гизутдинов қатты ауырып, 2019 жылы 13 маусымда жарық дүниемен қош айтысады. Көзі тірісінде бұл азамат парасатты, жарқын жандардың бірі болды.
Ағымдағы жылдың 10-маусымында ауданымыздың футбол ардагерлері ардагерлер арасында Т.Гизутдиновты еске алуға арналған шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Турнирдің ашылу салтанатында Шу футболының ардагері Бахтан Джаманқұлов, Өмірбек Керімбеков, Бахтығұл Джаманқұлов, сондай-ақ, Т.Гизутдиновтың жұбайы Марина Гизутдиновалар алғысөз сөйледі. Футбол ардагерлері атынан Т.Гизутдиновтың жұбайына гүл шоқтары мен бағалы сыйлық табысталды.
Аталмыш турнирді ұйымдастырушы комитет зор алғысын жеткізген бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының директоры Б.Ұзақбаевтың бірлескен іс-әрекеті мен қолдауы арқасында жоғары деңгейде өтті.
Ойын нәтижесінде үшінші орын Қонаев ауылының командасына бұйырды. Екінші орынды «Достар» командасы еншіледі. Ал, турнирдің жеңімпазы «Қайрат» командасы деп танылды. Сондай-ақ, В.Азимов (Қонаев ауылы), Б.Джаманқұлов («Қайрат»), О.Керімбековтер («Достар») үздік ойыншы деп танылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.