Ақпараттық портал

Әке – асқар тау

Жуырда мектебімізде Әкелер күні мерекесіне орай «Әке – асқар тау» тақырыбында іс-шара өтті. Оған мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Әуелі мектеп директорының міндетін атқарушы А.Ақжолова алғысөз сөйлеп, әкелерге деген жылы лебізін білдіріп, әкенің қоғамдағы рөліне тоқталды.
-Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жарқын болашаққа жетелейді. Әкенің айтқанын тыңдау әрбір перзенттің басты парызы,-деген пікірін білдірді А.Ақжолова.
Шара барысында оқушылар өлең шумақтарын оқып, нақыл сөздермен өрілген әкеге деген тілектерін айтып, көңілді тренинг өткізілді.
Жаңагүл Түктібаева,

Leave A Reply

Your email address will not be published.