Ақпараттық портал

Үлгілі мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі кезеңдерден, сонымен қатар сынақ мерзімінен өту керек. Көпшілік арасынан іріктеліп, озып шыққан маман ғана мемлекеттік қызметші атанады.
Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш–жігерді талап етеді. Сондай мамандардың бірі – Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы Ахынова Эльмира Олжабайқызы.
Э.Ахынова 1968 жылы 19 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Коммунизм ауылында дуниеге келген. 1978-1990 жылдары республикалық медициналық училищеде, санитариялық-фельдшер факультетін тәмамдап, Шу ауданында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның санитариялық –эпидемиологиялық қызмет саласының дамуына сүбелі үлесін қосты. Аталмыш қызметте 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі 33 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 19 жыл. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істеу үшін, бойында барлық қажетті қасиеттер бар. Бір бойынан еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық сияқты абзал қасиеттердің бәрі табылады.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі – оның идеясы мен саясатын алға жетелейтін мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Эльмира Олжабайқызы мемлекеттік қызметтің дамуы мен қалыптасуына орасан үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келе жатыр. Сондай–ақ, білімімен, дағдыларымен, бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен келешек ұрпақ сабақтастығына өз үлесін қосатынына сенім мол.
Шу аудандык СЭБ басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.