Ақпараттық портал

Суға шомылудың негізгі ережелері

Суға шомылатын жерді, оның тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріңіз;
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз;
Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;
10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
Аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылған жағдайда сасқалақтамаңыз, су бетінде қалып, адамдарды көмекке шақыруға тырысыңыз;
Мас күйде суға шомылуға болмайды;
Қоршау белгілерінен тыс аумаққа шықпаңыз;
Техникалық ескерту белгілерінің үстіне шықпаңыз.
Суға түскен кезде иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, қайық, кемелерге көп жолаушы мен ауыр жүк алуға болмайды. Балалармен бірге демалған кезде оларды қараусыз қалдырмау керек. Бассейн, теңіз бен көлдерге мас күйде шомылмау қажет. Қайықта жүзіп келе жатқанда орын ауыстырып, бір қайықтан екіншісіне ауыспаған жөн. Қайықтан, катамараннан тікелей суға түсуге және моторлы кемелерге жақындауға болмайды. Қайық, кемелерді түнгі уақытта пайдалануға тыйым салынады. Бұл – адам өмірі үшін қауіпті.
Т.Кариев,
Шу ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.