Шу ауданының 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Демография. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындыларын есепке алғанда 2023 жылғы 1 мамырға Шу ауданының халық саны1) 106,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,7%), ауылдықтар – 61 мың адам (57,3%). 2022 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны1) 0,5 мың адамға немесе 0,5 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтар мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-мамырда төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4567,9 тонна ет, 18945 тонна сүт, 2424,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 105,6 тонна ет, 305,3 тонна сүт, 27,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 75970 басқа, қой 481113 басқа, ешкі 49684 басқа, жылқы 22334 басқа, түйе 88 басқа, үй құстары 89686 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3564 басқа, қой 28053 басқа, ешкі 501 басқа көбейіп, жылқы 2374 басқа, түйе 5 басқа, үй құстары 499 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 9649,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 103%-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 25540,7 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 18229,7 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 9850 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 8966,1 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 2646,6 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 6319,5 млн. теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы.