ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға тіл саясатын жүзеге асыру, тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту тақырыптарында баспа мақалалары мен жалпы 12 мақала, 11 телебағдарлама, 4 сайт мақаласы жарияланды.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша Оршабеков Көкен жеңімпаз атанса, Досалы Есет, Өзбекова Айжан және Қосақов Ахметжан арнайы дипломмен марапатталды.
Ал «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша Иматаева Айгүл мен Кусева Салтанат иеленді. Ал «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша Иманбаева Райхан, Аяз Назеркенің хабары арнайы дипломға, Құлманбет Аягөз, Бает Мерей және Айтбанов Олжастың хабары Алғыс хатқа ұсынылды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылардың барлығы облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының дипломы, Алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, тілімізді дамытуға қосқан үлесі мен оның қолданылу аясын кеңейту бағытындағы белсенділігі үшін бірқатар журналистерге кәсіби мереке қарсаңында алғыс жарияланды.
«Шу өңірі» ақпарат.