Ақпараттық портал

Шу ауданының 2023 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Демография.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындыларын есепке алғанда 2023 жылғы 1 маусымға Шу ауданының халық саны1) 106,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,7 пайыз), ауылдықтар – 61 мың адам (57,3 пайыз). 2022 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны1) 0,4 мың адамға немесе 0,4 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығы.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-маусымда төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 7364,2 тонна ет, 23575 тонна сүт, 3924,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 213,9 тонна ет, 405,3 тонна сүт, 60,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 72643 басқа, қой 503263 басқа, ешкі 47200 басқа, жылқы 22991 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 123346 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 543 басқа, қой 57491 басқа, ешкі 45 басқа, жылқы 38 басқа, түйе 18 басқа, үй құстары 101 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі.
2023 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 11824,8 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 104,2 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс.
Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 35031,9 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 25656,1 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 13505 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда.
Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 10898,4 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3291 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 7607,4 млн. теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.