Балаларды өрт қауіпінен сақтайық
«Өрт – тілсіз жау» деп халқымыз тегін айтпаған. Отты пайдаланған кездегі салақтық, ұқыпсыздықтың нәтижесінде кейбір өкінішті, орны толмас қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Мұндай кенеттен кездесетін өкінішті жағдайларды болдырмау үшін отты дұрыс, тиімді, қауіпсіздік жақтарын ескере отырып пайдаланған жөн.
Балалардың отпен ойнауы да көбінесе өртке ұшыратады. Жас өспірімдердің отқа жақын болуы ата-аналардың балаларына кез келген нәрсемен ойнауына жол беріп, кезекті тиым салмағандығынан туады. Арамызда балаларын үйге кілттеп, сіріңкелерді жасырмай, электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды ток көзінен айырмай кететін адамдар да жоқ емес. Ал мұның бәріне үйде қалған сәбилер назар аударады, осының өзі-ақ өртке ұрындырады. Сол себепті отпен ойнау қандай жағдайға ұшырататыны жөнінде балаларға айтып, түсіндіріп отыру ата-ананың міндеті.
Кішкентай балалардың отпен ойнауына, үйде жалғыз қалдыруға, оларға дүкеннен пиротехникалық заттарды, темекі, сіріңке алдыруға, жанып жатқан пешті, (котельды), газ плиталарын қарауға жұмсауға тиым салынады. Қорыта айтарымыз – балаларды сақтау әрбір ата-ананың абыройлы борышы.
Д.Өмірзақ,
Шу ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны