Сайлаушылармен кездесу өтті
2023 жылдың 06 тамызына тағайындалған Бірлікүстем және Көкқайнар ауылдық округтері әкімдері сайлауының күнтізбелік жоспарына сәйкес 16-тамыз күні сағат 18.00-ден бастап әкімдікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осыған орай жергілікті атқарушы орган Шу аудандық сайлау комиссиясының келісімімен сайлаушылармен кездесу орындарын белгілеп, кестесін аудандық газетке жариялады. Үгіт-насихат жұмыстарының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізілуін бақылау және сайлаушыларды сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібімен таныстыру мақсатында Шу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садан Құрманұлы Жангарашев 25 шілде күні аталған ауылдық округтердегі сайлаушылармен кездесуге қатысып қайтты. Кездесу барысында төраға тіркелген кандидаттармен, сайлауды өткізу тәртібімен жан-жақты таныстырып өтті. Бүгінгі күнге Бірлікүстем ауылдық округі әкімі сайлауына 4, Көкқайнар ауылдық округі әкімі сайлауына 3 кандидат тіркелгенін хабарлады. Кандидаттар өз бағдарламаларымен таныстырып, сайлаушыларды толғандыратын сұрақтарына жауаптарын берді. Кездесуді қорытындылай келе Садан Құрманұлы сайлауды ұйымдасқан түрде жауапкершілікпен өткізуге, сайлаушыларды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Шу аудандық сайлау комиссиясы.