Ақпараттық портал

Заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің біріне айналуда. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17-сәуірдегі Заңына (бұдан әрі–Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестігін тексеруді, Бизнеc-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, оларға мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды.
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу функциясы әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5-1 бабына сәйкес, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
ЭҮП арқылы «хабарламалық сипаттағы құжат» қызметтерін көрсету, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63,64 және 73-баптарына өзгерістер енгізіле отырып, 2021 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Заңды іске асыру мақсатында заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша Жол картасы әзірленген. «Электрондық үкімет» порталында Жол картасының 22 тармағына сәйкес 11.10.2021 жылдан бастап заңды тұлғаның басшысын бэк-офистің қатысуынсыз автоматты режимде өзгерту бойынша хабарлама жасау тәртібі қызметі жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болуына байланысты, «Хабарламалық сипатындағы» қызметін көрсету көрсетілетін қызметті алушылармен ЭҮП арқылы өтініш берумен жүзеге асырылуы тиіс бірақ, ол міндетті емес болып табылады. Бұл рәсімді заңды тұлғаларды тіркеушілері міндетті түрде, заңды тұлғалар жүгінген кезде ЭҮП арқылы құжаттарды бере отырып, заңды тұлға басшысының бэк-офистің қатысуынсыз (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау) автоматты түрде заңды тұлға басшысының өзгергені туралы хабардар етуге болады.
А.КАРСЕНОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Шу ауданы жер кадастр және тіркеу бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.