Суға шомылғанда сақ бол!
Су – тіршілік көзі және сергектік сыйлайды. Жер бетінің 75 пайызын су алып жатыр, яғни үштен төрт бөлігін. Суды күнделікті тұрмыста әртүрлі қажеттілігімізге пайдаланамыз. Судың адам өміріне және денсаулығына маңызы өте зор. Суда адамдар емделеді, тынығады, денсаулығын жақсартады. Бірақ, адам өміріне де қауіпті әсерлері бар. Ластанған сулар әртүрлі жұқпалы ауруларға шалдықтыруы мүмкін.
Судағы қайғылы оқиғалар көбінесе:
– суға жүзе алмағандықтан;
– мас күйінде шомылғандықтан;
– судағы дене мүшелері тырысулары себептен;
– балалардың үлкен адамдардың қарауынсыз шомылуынан;
– жүзу құралдарын дұрыс пайдалана алмаудан;
– судағы оқыс жағдайларда сасып қалуынан болады.
Cуға шомылып, қайықпен серуендейтін жазғы демалыс айлары да өтіп жатыр. Мйрам күндерін, отбасылық мерекелерді, серуендеуді табиғат аясында, өзен-көлдер жағасында тамашалағанға не жетсін. Суға шомылып, қайықпен жүзіп серуендеу арқылы сіздер денсаулықты жақсартып, күш-жігеріңізді, шыдамдылықты арттыруды жөн көресіздер. Суда жақсы жүзе білетін адамға су жағасында дем алу қауіпті емес. Ондай адамдар суда жапа шеккендерге әрдайым өз көмектерін тигізе алады. Бірақ суда жақсы жүзетін адамдардың өздері судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағаны жөн. Бұған немқұрайдылықпен қараған көп жағдайлар қайғылы оқиғаларға алып келеді.
“Су – тілсіз жау” екенін ескере отырып, келесі ережелерді қатаң түрде есте сақтаған жөн:
-тек рұқсат етілген жерлерде (бассейндерде, арнайы жабдықталған жағажайларда) шомылыңыз;
-арнайы қойылған белгілерден аспаңыз;
-катерлерге, моторлы және ескекті қайықтарға жақын жүзбеңіз;
-қайықтардан, катерлерден, түрлі жүзгіш нысандардан, көпірлерден, жарлардан суға сүңгімеңіз.
Қатаң тыйым салынады:
-тақтайларды, бөренелерді, доптарды, үрлемелі резеңкелерді қолдануға;
-мас күйде шомылуға;
-бірін-бірі тұншықтырып ойнауға;
-жағажайда спирттік ішімдік ішуге;
-суды және жағажайды ластауға;
-жағажайға үй жануарларын, ит-мысықтарды әкелуге;
-жүзу білмегенде белден жоғары жерлерге түсуге;
-қатты ағысты, иірімді жерлерге шомылуға болмайды.
М.Пермебаев,
Шу ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.