ТУБЕРКУЛЕЗ
Туберкулез (кұрт ауруы) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және ағзаға туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін.
Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы немесе Кох таяқшасын белгілі неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы 24 наурызда ашқан. Осыған байланысты, 1982 жылы осы күнді Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды. Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Бұл ауру тыныс алу органдарымен байланысты деп есептелгенімен, дәлірек айтқанда бүйрек, сүйек, көз, тері және бас миларын зақымдауы мүмкін. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әбден мүмкін. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-158 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды. Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз. Қаранғы, күн түспейтін, ауасы сирек тазартылатын бөлмелерде 5-6 айға дейін сақталады. Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.
Туберкулездің негізгі белгілері:
1. Салмағын жоғалту, тершендік, кеуде тұсының ауыруы, қан түкіру, жалпы әлсіздік және тез шаршау, дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы, көбінесе кешкі уақытта көтеріледі, созылмалы жөтел.
Туберкулез ауру адаммен тікелей қарым-қатынас жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және көпшілік көп жиналған жерде, ауа арқылы түшкіргенде, жөтелгенде жұғады. Туберкулезбен үй жануарларыда ауырады, сондай-ақ үй жануарларының сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде жұғуы мүмкін. Ауырған малдың зиянды әсері осындай малдарды соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтіп, микробтар қанға түседі.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде миллиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді;
2. Уақытылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулездің уақытылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақытылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді;
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау-жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету;
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), саламатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, күйзеліс жағдайлар, темекі, ішімдік, есірткіден аулақ болу;
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану;
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өндеуден өткізу;
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақытылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:
-үйді тұрақты түрде желдету;
-айналаға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру;
-көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертенгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді;
-тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді;
-1 пайыз натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;
-Кох таяқшасы 60 градус температурада 20 минуттан кейін және 0 градус температурада 5 минуттан кейін өледі;
-науқас пайдаланған қағаз бет орамалдарды міндетті түрде өртеу керек;
-көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады. Сондай-ақ, туберкулез бактериялары жоғары температураға сезімтал келеді:
-сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.
Туберкулез аурудың көбеюіне көбінесе адамдардың өздері кінәлі. Ауру белгілері білініп, жағдайлары нашарлай бастағанда дәрігерге келгенмен, аурудың туберкулез екенін білгеннен кейін, оны ұят санап кейін дәрігерге бармай қояды. Науқаспен байланыс жасаған барлық адамдар туберкулезге жиі тексерілуі керек.
Ең бастысы туберкулез жазылатын ауру және оның алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде дұрыс емделсе, дәрігерлердің кеңестерін мұқият орындаса, туберкулезден құлан таза жазылуға болады. Ол үшін медицина қызметкерлері ғана емес, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап,өзін өзі күтуі керек.
Естеріңізде болсын, денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
А.Калисаева,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.