Жаңадан тағайындалған судья таныстырылды
“Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы №486 Жарлығымен Жамбыл облысы Шу аудандық сотының судьясы болып Жібек Мұхаммедханқызы Тәжібаева тағайындалды.
Жамбыл облыстық сотының судьясы С.Н.Төлесбаймен жаңа тағайындалған судья салтанатты жағдайда аудандық сот ұжымына таныстырылды.
Іс-шараға аудандық және көлік прокуратураларының, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің және ауданның заң консультациясының басшылығы қатысты.
Жамбыл облыстық сотының судьясы С.Н.Төлесбай судьяның қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететінін, халықтың сотқа деген сенім деңгейі сот төрелігін жүзеге асыру сапасына байланысты екенін атап өтіп, жұмыста табыс тіледі.
Аудандық сот төрағасы М.М.Тілеубеков судьяны жауапты қызметімен құттықтап, әріптестерінің атынан гүл шоқтарын табыстады.
Сот ұжымы мен іс-шараға қатысушылар жаңадан тағайындалған судьяға жаңа істе сәттілік тіледі.
Шу аудандық сотының
баспасөз қызметі.