Қайтарымсыз гранттың көлемі артты
Шу ауданы бойынша Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа 2023 жылы ауданымыздан тек халықтың әлеуметтік осал топтарына (атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасыларға немесе оның жұбайына төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар немесе оның жұбайына) 138 000,0 мың теңге бөлініп, конкурстық негізде 100 адамға 1 380 000 мың теңгеден қайтарымсыз грант берілді.
Мысалы, Еңбекші ауылының тұрғыны Т.Джаксымбетова өзінің бизнес жобасын комиссия мүшелері алдында қорғап, 1 380 000 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Қазіргі таңда ол екі сауынды бие сатып алып, қымыз сауып, өзінің жеке кәсібін жүргізіп отыр.
Осы тұста 2024 жылғы 8-19 сәуір аралығында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа өтініштер қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Биылғы жылы грант сомасы 400 АЕК (1 476 800 теңге). Толық ақпаратты Bussines.Enbek.kz порталынан біле аласыздар.
Н.Коспанов,
аудандық Мансап орталығының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің маманы.