Ақпараттық портал

Субсидиялар ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі
Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімдері егіс науқанының барысы туралы баяндады.

2024 жылдың болжамды егіс алаңы 23,8 млн га құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңдары биыл қысқарады, алайда майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және азықтық дақылдарды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді. Ал жаппай егіс науқаны осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің деректері бойынша бүгінгі күні қажетті 2,4 млн тонна тұқымның 99%-ы бар екенін баяндады. Қалған көлем Азық-түлік корпорациясының резерві есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бүгінгі таңда шаруаларға барлығы 453 мың тонна тыңайтқыш тиеп-жөнелтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, биылға арналған жоспар 1,5 млн тонна минералды тыңайтқышты құрайды, оның ішінде 900 мың тоннасы отандық зауыттардың өніміне тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыс тек Қызылорда облысында ғана толық аяқталды. Қалған әкімдіктерге жұмысты жеделдету қажет.
Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет 140 млрд теңге бөлді. Форвардтық сатып алу бағдарламасына 40 млрд теңге көзделген. Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс науқанын дер кезінде сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. АШТӨ тиімді субсидиялауға ерекше назар аудару тапсырылды.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.