Ақпараттық портал

Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған, өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Абай.

Бүгінгі таңдағы негізгі тәрбие жұмысының мазмұндысы – халықтық тәлім-тәрбие, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәжірибесі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. Ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Оқушыларды елінің тарихымен таныстырып, төл мәдениетімізді игерту – парызымыз. Ұрпақ тәрбиесі қай заман, қай қоғам болсын, ең өзекті мәселенің бірі болып келеді. Олай болмауы мүмкін де емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі азамат, өмірді жалғастырушы. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, көңіл бөлген. Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екенін мойындап отырып, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оны іске асыру жолдарын өз мүддесіне сай шешуге тырысады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс–әрекеттері арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Қазақ халқы осыны жақсы түсініп, жас ұрпақты кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа баулуды бірінші міндет етіп қойған.

Қоғамдағы тәрбие ошақтарының бірі – мектеп болса, оның жүрегі – мұғалім. Жуырда ғана Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің акт залында «Спорт және эстетикалық пәндер» бірлестігі айлығының жабылу салтанаты өтті. Осы іс-шараға бірлестіктің ардагер, зейнеткер ұстаздары шақырылды. Іс-шараға байланысты мектептің акт залы заманауи талаптарға сай әрбір пәннің ерекшелігіне байланысты теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолдануға пәндік және әдістемелік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтсақ, дене шынықтыру, көркем еңбек пәндері бойынша көрмелер қойылған.
«Өнер мен спорты дамыған елдің өрісі кең» атты тақырыпта өткен пән мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сламқұлов Айдын Абдразақұлы атап өтті. Айлық барысында 13 ашық сабақ, 11 сыныптан тыс іс-шаралар көрсетіліп, оқушылардың 85 пайызы қамтылып, жоғары деңгейде өтті. Осы іс-шаралар аясында білім беру мазмұнын жаңартудың инновациялық әдістері, ұлттық құндылықтарды қолданудың тиімділігі қарастырылған. Жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының ең басты шарты – жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогресстен қалыспай жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижені дұрыс пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады деп атап айтты. Ойын тұжырымдай келе «Жемісті жылдың- жетістігі мол» демекші, 2023-2024 оқу жылы «Спорт және эстетикалық пәндер» бірлестігі үшін жемісті жыл болды. Нақты айтар болсақ, «Жас суретші Берік Айзеренің жеке көрмесін ұйымдастыру» атты кеш өтті. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі мол тәжірибелі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Бекқұлова Бегінай Сансызбайқызы осы шәкіртінің жеке көрмесінің ашылу салтанатын өткізді. Іс-шараға қатысқан бір топ ұстаздар «Қастеевтің ұрпақтары» атты сурет үйірмесінің оқушыларына сурет салудың құпиялары туралы практикалық сабақ өткізді. Іс-шара өте әсерлі болды.
Берік Айзере Маратқызы 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айында «Атамұра» республикалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» байқауына қатысып, «Бас жүлде» иеленгені үшін республика көлемінде «Зейінді бала» балалар журналының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мақатаев оқулары» атты конкурсына бейнелеу өнері бағыты бойынша қатысып, бас жүлдені алғаны үшін және республикалық балалар орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала ұландары байқауында» қолөнер аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін бірнеше дипломдармен марапатталса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Алтын доп» үйірме жетекшісі Шалтабаев Бақыт Мұратұлының оқушылары облыстық «Ұлттық мектеп мегасы» баскетбол спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары қыздар арасында жалпы командалық есепте бірінші орын алғаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» дипломымен марапатталды. Үлгілі тәрбие, сапалы білім – бәсекеге қабілеттіліктің тұғыры деп ойын қорытты. Айлық барысында өткізілген іс-шаралар бейнебаян түрінде көрсетіліп тұрды.
Ардагер, зейнеткер ұстаздардың атынан алғысымызды айтып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне шығармашылық табыстар тілей отырып, сөзімді білім саласының аса ірі қайраткері ҚР ҰҒА академигі Көпжасар Нәрібаевтың аманат ретінде мына тұжырымымен «Ұлттың, яғни мемлекеттің тағдыры білімге байланысты» деп қорыттым.

Шолпан Масатбаева,
ардагер-ұстаз,
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Шу қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.