Ақпараттық портал

Ерікті жасақшы – ел қорғаны

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысымен бекітілген «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту» қағидасы негізінде, бүгінгі күнде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментімен шекара маңындағы аудандардың жергілікті тұрғындары қатарынан ерікті жасақты құру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Адамдардың мемлекеттік шекараны қорғауға жеке қатысуы мемлекеттік шекараны, мемлекеттік шекара режимін, өткізу пункттеріндегі режимді, шекаралық режимді бұзудың өздеріне белгілі болған фактілері мен әрекеттері туралы хабарлау жолымен Шекара қызметі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдеріне көмек көрсетуі арқылы көрініс табады.
Атап өту қажет, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылының тұрғыны, ерікті жасақ мүшесі Айдар Абдибаев есімді азаматымыз Қарасай батыр елді мекені аумағындағы шекара аймақта ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасы аумағынан қасақана бұзып өткен 2 (екі) күдікті азаматты анықтап, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қарасай батыр» шекара бөлімшесіне хабарлаған. Артынша шекара бөлімшесінің дабыл тобы белгіленген орынға шұғыл жетіп, 2 (екі) пәкістандық азаматты ұстаған.
Қазіргі күнде ұсталған шетел азаматтарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған, тергеу амалдары жүргізілуде. Осылайша, ерікті жасақшының көмегімен ұсталған қылмыскерлердің Отанымыздың шекарасын кесіп өтуге бағытталған пиғылына тосқауыл қойылып, қылмыстық әрекеттің жолы кесілген.
Бұл істеген ерлігі үшін азамат А.Т.Абдибаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры атынан бағалы сыйлықпен марапатталды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 16 қаңтардағы №70-V Заңының 77 бабында көзделген талаптарына сәйкес, «Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар, шекара қызметіне жәрдем көрсетуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне, құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті органдарға жеткізуге міндетті» екендігін ескеріп, шекара кеңістігіндегі жергілікті тұрғындар қатарынан азаматтарды ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қорғау ісіне белсенді қолдау көрсетуге шақырамыз.

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша
департаменті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.