Ақпараттық портал

Шу ауданының 2024 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Демография
2024 жылғы 1 сәуірге Шу ауданының халық саны 106,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,9 пайыз), ауылдықтар – 60,6 мың адам (57,1 пайыз).
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлығы 500 нәресте дүниеге келіп, 185 адам қайтыс болды. 2023 жылы 529 нәресте туылып, 183 адам қайтыс болған еді. Ауданда 121 неке тіркеліп, 45 отбасының ажырасу фактісі орын алды. 2023 жылы 126 неке тіркеліп, 16 отбасы ажырасқан.
Көші-қон
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданға барлығы 1132 адам көшіп келіп, 1542 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды.
Ауыл шаруашылығы
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3389 тонна ет, 10487,5 тонна сүт, 1218,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 28 тонна ет, 233,3 тонна сүт, 6,6 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.
Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 68001 басқа, қой 506023 басқа, ешкі 18752 басқа, жылқы 17881 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 69530 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 60984 басқа, ешкі 4613 басқа, түйе 23 басқа көбейіп, мүйізді ірі қара 2858 басқа, жылқы 1627 басқа, үй құстары 787 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі
2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 10289,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,3 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс
Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 17810,2 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 9660,3 млн теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 8732 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда
Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 7369,6 млн теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 2238,7 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 5130,9 млн теңгеге сатылды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика
бюросы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.