Ақпараттық портал

Цифрлық сауаттылық – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты бағыт-бағдары айқын кезекті Жолдауында «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр» деп айтылған. Расында, қазіргі цифрлық құралдардың дамыған кезеңінде күнделікті қолданыстағы ұялы телефонның өзін дұрыс қолдана алмасаңыз, пайдасынан бөлек, зиянын көптеп көрсетеді.
Сондықтан, қазір әлемнің көптеген елі жасанды интеллект көмегімен аналитикалық және статистикалық мәлімет жинауды автоматтандыруға тырысуда. Мұғалімнің өзі интернеттегі онлайн курстар, шеберлік сағаттарына қатысуы, ақпаратты сұрыптауы, қазіргі заманғы оқушыларды қызықтыратын құралдардың көмегімен сабақ ұсынуы қажет. Мұғалім виртуалды кеңістік мәселелерінде құзыретті болуы, жасөспірімдер тенденциясын қадағалап отыруы керек. Жасанды интеллекттің даму қарқыны мұғалімнің психологиялық дайындығы мен үздіксіз кәсіби дамуын болжайды. Бұл бағытта аудан көлемінде қазіргі уақытта педагогтер арасында «Қаржылық сауаттылық» курсы енгізіліп, жүргізілуде. Сондай-ақ, білім саласында тиісті пән мұғалімдері робототехника үйірмелері, ақпараттық технологиялар арқылы білім алушыларды цифрлық сауаттылыққа баулуда. Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде жасанды интеллект пайдалану жұмыстары бастау алып жатыр. Жаңа технологияларға тіке қарап, ең бастысы, оларды басқара бастасақ, онда біз бүгіні мен ертеңі жаңашыл мұғалім боламыз. Біз кешегі жаңашыл мұғалімнің мәртебесіне қайта орала алмаймыз, әлем өзгерді, ал қазір ол бізге 10-20 жыл бұрын тіпті армандамаған мүмкіндікті ұсынып отыр.
Бұған қоса, Ел Президенті Жолдауында «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын» деп атом электр стансасын салу елдегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетінін баса айтқан болатын.
Сәуле БАЯЛБЕКОВА,
Т.Рысқұлов атындағы (қ) орта мектептің информатика
пәнінің мұғалімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.