Ақпараттық портал

Сарбаздарға сағат табысталды

2024 жылы сәуір айының басында еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны орын алғаны дүйім жұртқа мәлім.
Бейбіт күнде қазақтың басына түскен ауыртпашылық кімді болса да жайына қалдырмады. Сол аласапыран уақытта, өз бастарын қатерге тігіп, су басқан елді мекендерді эвакуациялауға, күзетуге иық тіресе қызмет көрсетіп келген қаншама сарбаздарымыз бар. Солардың ішінде Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен мерзімді әскери қызметке шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып келген төрт сарбазымызға Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі Руслан Жақсылықовтың атынан ”Су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқаны үшін” арнай қол сағаттары және Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Жандос Абиевтің атынан мадақтама грамотасын Ауған соғысының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бұралқы Шынарбеков табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.