Сайлау үдерісі сандық жүйеге көшуде
Шу ауданында 2024 жылғы 10 қарашада Жаңақоғам, Тасөткел ауылдық округтері және Далақайнар ауылы әкімдерінің сайлауы қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес толыққанды жүргізілуде. Жаңақоғам, Тасөткел және Далақайнарда бір-бір ғана сайлау учаскелерінен бар. №433, №443, №444 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда комиссия мүшелері әрбір сайлаушыға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету мақсатында өз елді мекен шегінде сайлауға шақырту қағаздарын таратуда. Биылғы әкімдердің сайлауындағы жаңалық, ол шақырту қағаздарындағы QR-код.
QR-код дегеніміз не? QR “Quick Response – Шұғыл жауап”- бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. Аталған QR-кодтың көмегімен аудан әкімдігінің сайттына, оның ішінде «Сайлау» бөліміне кіруге мүмкіндік бар.
Пайдалану жолы: Жаңақоғам, Тасөткел немесе Далақайнар ауылдық округінің тұрғындары камерасы бар ұялы телефонды алып, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосады. Камераны шақыру қағазындағы белгіленген QR-кодқа бағыттап, сайлауға түскен үміткерлердің фотолары және кандидаттар туралы қысқаша ақпаратты алады.
Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы мақсат. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста, сайлау жүйесінде де цифрландыруға басымдық берілуде.
Шу аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы.