Ақпараттық портал

Тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда

«Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалына қарасты «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесі жергілікті жұртшылық өкілдері үшін де маңызды нысан болып саналады. Бүгінгі таңда мұндағы судың көлемі – 334,2 млн.м3 болса, судың қоймаға түсуі – 71,5 м3/с, судың экологиялық мақсатта тасталуы – 60,0 м3/с. Ал, күнделікті судың жиыны – 1,0 млн.мЗ. «Тасөткел» су қоймасы аудан тұрғындарының ауылшаруашылығы ісімен , әсіресе егін шаруашылығымен айналысуына бірден-бір оң ықпал ететін нысан екені айтпаса да түсінікті.

Мекеменің басшылық өкілдері ұсынған мәліметке сүйенсек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Тасөткел су қоймасының сейсмикалық жағдайын арттыру және толтыру көлемін жобалық 620 млн. м3 көлемге жеткізу мақсатында екінші кезектегі қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Осы тұста мердігер ұйым – «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС жүзеге асырған жұмыстарға тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Екінші кезектегі қайта жаңғырту жұмыстарының жоспарына бөгетті күшейту, суағар бұру арналары мен арықтарды, дренаж жүйесін жаңарту, пьезометрлерді орнату, жарықтандыру жүйесін жаңарту, жергілікті құлақтандыру және бейнебақылау жүйелерін орнату, қоршаулар салу енгізіліп, осы жұмыстардың аяқталуына байланысты, 2024 жылғы вегетациялық мерзімге 472,0 млн. м3 су жинауға рұқсат берілген. 2025 жылы су қоймаға жиналатын су көлемін 500,0 млн. м3 жоспарлануда.
Осы тұста ауданымыздағы Оң жағалау магистралды каналдың тынысы «Тасөткел» су қоймасымен астасып жатқандығын айта кеткен жөн. Мұнда ПУИД-2 бағдарламасымен жүзеге асырылатын жұмыстарға Қонаев, Дулат, Балуан-Шолақ ауылдық округтері аумағындағы 12 ішкі канал және 2 коллекторлық-дренаж каналдары енгізілген. Каналдың жалпы ұзындығы 94,86 шақырым болса, бекітілген жер көлемі 5863 гектарды құрайды. Тапсырыс беруші Су ресурстары комитеті, мердігер ұйым – «TunnelSaddAriana» АҚ.
Өткен жылдың он екі айында Андреевка (ұзындығы-10,9 шқ), Огородный (5,51), Калыгуль (1,72), Подхоз1,84), Киров (8,2), Ақтөбе (11,22), Ленин-1 (5,27), Ленин-2 (3,76), Поселковый (2,3) каналдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы аяқталса, Красная весна-1, Красная весна-2, Ленин-1, Огородный-1, Огородный-2, Госфонд, Госфонд-1 каналдарын аяқтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары қолға алынған барлық каналдардың жалпы ұзындығы 69,684 шақырымды құрайды.
Ауданда 2024 жылы су шаруашылық нысандарын жөндеу бойынша Жамбыл филиалы 14 нысанды жоспарлады. Аяқталмаған жұмыстарды 2025 жылғы вегетациялық маусымға дейін аяқтау жоспарланған. Оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына Шу өзеніндегі Тасөткел бөгеті жатса, су өлшеу бекеттерін жөндеу бойынша аудандағы екі су өлшеу бекеті енгізілді. Тарифтік сметаны орындау (инвестициялық жоба) бойынша 11 канал енгізілді. Яғни, барлығы 14 нысанға 784,524 млн теңге бөлінді. Ал, 2025 жылғы маусымда тағы 7 нысанды күрделі жөндеуден өткізу күтілуде.
«Тасөткел су қоймасы» ӨБ қарамағындағы Сол және Оң жағалау магистралды каналдан бөлінетін ішкі жер каналдардың техникалық жағдайы өте нашар. Осыған байланысты өткен жылы жалпы ұзындығы 13,99 шақырымды құрайтын Асембай (1,99 шқ), Естемес (3,00 шқ), Күйген (5,0 шқ), ЛДРХ-2 (4,0 шқ) арналарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, «Тасөткел су қоймасы» ӨБ-мен 2024 жылы ауданымыздағы шаруа қожалықтармен 18008 гектар жерге 745 екі жақты келісімшарт жасалған. 2025 жылғы вегетациялық маусымда бұл көрсеткішті 25000 гектарға жеткізу жоспарлануда. Ал, аталмыш өндірістік бөлімше 2024 жылы Шу ауданы шаруа қожалықтарына вегетация маусымында 84 101 538 млн. текше метр су көлемін жеткізіп, қызмет көрсетсе, 2025 жылғы вегетациялық маусымда бұл көрсеткішті 140 млн. текше метрге жеткізуді жоспарлап отыр. 2024 жылы 183 су сорғы арқылы су алатын 69 шаруа қожалықтарымен 4240 гектар жерге келісімшартқа отырған. Оның ішінде, Қонаев ауылы, Алға, Балуан-Шолақ, Бірлікүстем, Ескі-Шу, Жаңажол, Көкқайнар ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары бар. Ал, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 6000 гектарға жеткізу күтілуде.
2025-2026 жылдарға жеті арнаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оған қажетті қаражат көлемі де анықталып, белгіленді.
Аталған жұмыстарды жүйелі жүзеге асырып, алдағы уақыттың жоспарына бірқатар ілкімді істерді енгізіп отырған «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесі аудан халқына көрсетілетін қызметті лайықты жалғастыра бермек.

Динара Батырхаирова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.