Ақпараттық портал

Жаратылыстану сауаттылығын биология сабақтарында қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 26-мамыр – 5-маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы филиалы бойынша Кәсіби даму инстиутының аға оқытушысы Кошкимбаева Жанар Сыихынбайқызы Шу ауданындағы биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізуде.
Курс аясында тыңдаушылар биология пәні бойынша білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, танымдық дағдыларын дамыту мақсатында оқытудағы инновациялар мен заманауи технологияларды қолданып, тиімді оқу сабақтарын жоспарлауда теорияны тәжірибемен ұштастыруды меңгеруде.
Сондай-ақ, курс барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын танымдық тапсырмалардың түрлері: контекстке негізделген тапсырмалар, сараланған тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасады.
Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың тек білім алуы ғана емес, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін, функционалдық сауаттылығын, оның ішінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру. Бұл сауаттылық – оқушының қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, күнделікті өмірде кездесетін табиғи құбылыстарды зерттеп, ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, шешім қабылдау қабілеті. Осы тұрғыда биология пәні жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жанар Кошкимбаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы филиалы
бойынша Кәсіби даму инстиутының
аға оқытушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.