Ақпараттық портал

Мейірлан тағы да жеңіс тұғырында

Газетіміздің өткен жылғы сандарының бірінде ауданымыздың М.Мақатев атындағы тірек орта мектебінің оқушысы Сауытбек Мейірлан Ниязұлының спорттағы жетістіктері жайында мақала жарияланған болатын. Жас спортшы мұнан кейін де бірнеше жарыстарға қатысып, жаттықтырушысы мен жақын жандарын қуанышқа бөлеп келеді.
Оған Мейірлан Ниязұлының жуырда, нақты айтқанда 12-14 маусым аралығында Астана қаласында өткен халықаралық ашық турнирде жеңіс тұғырынан көрінуі айқын дәлел. Екі күнге созылған жарыс барысында спортшылар өзара бақ сынап, ашық сынға түсті.
Ресми деректерге сүйенсек, грэпплинг рингтегі күреске негізделген. Жекпе-жек өнерінің бұл түрі көптеген жекпе-жек пәндерінің әдістері мен тәсілдерін үйлесімді біріктіреді. Ал, джиу-джитсу – жапон күресінің ең көне түрлерінің бірі. Ол қарумен және қарусыз әдістерді қамтитын, «жұмсақ» және «иілгіш» қозғалыс техникасына негізделген қоян-қолтық ұрыс өнері.
Кейіпкеріміздің айтуынша, аталмыш жарысқа Шу ауданынан салмағы 75 келіден жоғары 10-ға жуық спортшы қатысқан. Мейірлан Сауытбек жоғарыда аталған екі спорт түрінен өнер көрсетіп, жарысқа қатысқан жалпы саны 1060 спортшының ішінен жүлделі орындарды иеленіп отыр. Атап айтқанда, грэпплингтен бірінші орын, джиу-джитсудан екінші орынды еншіледі.
Немере үшін жанын пида етіп жүрген атасы Сауытбек Мейірланды редакциямызға әкесімен бірге ерте келіпті. Мейірланның спорттағы жетістігі үшін оның атасы мен әкесінің балаларының жаттықтырушысы, жергілікті күрес мектебінің қызметкері Әділет Манашовқа алғыстары зор.
Динара Бақытжанқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.