Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуі, жалпы улану, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстары мен кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбеті төмендейді, ұйқы бұзылады.
• Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
• Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
• Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.
Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілекей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады . Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасы мен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100 пайыз жұғуы орын алады.
Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылша мен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі. Қызылша мен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.
Қызылша мен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандайда бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін. Сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше науқас балалармен қарым-қатынаста болудан қорғау қажет.
Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.
Ата-аналарға:
– балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
– қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырған жағдайда:
– катаральды құбылыстар мен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;
– ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;
– дәрігер келгенге дейін туыстары, таныстары және басқа адамдармен байланысты шектеу;
– жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды емес сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабын мен жиі жуу керек ;
– тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану қажет.
Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылша мен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралық пен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылша мен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылша мен ауырған науқас пен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болсада қызылшаның дамуының алдын алады.
М.Саулебаев,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.
Э.ҰЗАҚОВА,
эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.