Ақпараттық портал

«Сабақ Time» жобасы жүзеге асуда

Ауданымызда «Сабақ Time» жобасы аясында «Тиімді оқыту: оқыту әдістерімен тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбында аудандық ашық сабақтар циклі өткізілді. Іс-шара барысында ауданның үздік педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.
Атап айтқанда, әр білім беру ұйымдарының орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері, соның ішінде Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімдері Сатаева Асель Смагулқызы, Сатыбалдиева Айша Ибраимқызы, Төле би атындағы орта мектептің мұғалімі Меликова Рейна Мирагаевна, №40 мектеп-лицейінің мұғалімдері Жақсыбекова Қарлығаш Асильбекқызы, Жумахасова Талшын Ерикқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің мұғалімдері Прекеева Айнұр Мейрамбекқызы, Тілеқул Аяжан Даулетхулқызы, Әл-Фараби атындағы орта мектептің мұғалімі Альденбаев Жаныбек Рыспекұлы өз ашық сабақтарында кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын танытып, оқушылардың белсенділіктерін арттыра білді. Оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Мұғалімдер өз сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдаланып, экологиялық және адамгершілік мәселелерді талқылап, оқушыларды шығармашылыққа бейім болуға әрі табиғатты аялауға шақырды.
Іс-шараның соңында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкулова Лейла Тунгышбекқызы мен Төле би атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбілғазинова Ғалия Нұрсұлтанқызы мазмұнды шебер-сынып өткізді. Практикалық жұмыстар жүргізіп, қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Сабақ түрлі жаттығулар мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы қызықты өтті, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді. Коммуникативтік және интерактивті әдістер қолданылды, жұмыстың әртүрлі формалары пайдаланылды. Сабақта оқушылардың өздігінен білім алуына басымдық берілді, жоғары белсенділік пен еңбекке қабілеттілік, іс-әрекет түрлерін алмастыру есебінен қамтамасыз етілді, жеке және топтық жұмыс түрлері қолданылды.
Іс-шараның соңында барлық жұмыстардың қорытындысы жасалып, өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар арнайы сертификаттармен марапатталды. Осындай өткізілген іс- шаралар ұстаздардың кәсіби өсуіне, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосатыны анық.

Майра Булекбаева,
Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.