Экономикалық аймақтың әлеуетімен танысты
Жуырда Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбілов Шу ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Берік Рахатұлы ең алдымен «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағына бас сұқты.
Өңірдегі инвестициялық жобалар мен жоспарларды таныстырған аудан әкімі Б.Жәнібеков аймақтағы зауыт мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен таныстырды. Одан бөлек, облыс прокуроры «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағы қабырғасында кәсіпорын басшылары мен ірі инвесторлармен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Негізгі мақсат – бизнестің сенімді дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және экономиканың дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін қолайлы әрі болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру.
Байжан Емберді.