Тағайындау
Атайбеков Медет Нұрқазыұлы 2026 жылдың қаңтарынан бастап Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Шу ақпараттық медиа-орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды.
Медет Нұрқазыұлы 24.09.1991 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Шет тілдер және іскерлік карьера университетін 2014 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру бөлімінің аға кеңесшісі болып бастаған.
2019-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Бірлікүстем ауылдық округінің бас инспекторы;
2020-2021 жылдары Шу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы;
2021-2023 жылдары Төле би ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру және кеңсе бөлімшесінің бас маманы;
2023 жылдың 1 маусымынан бүгінгі күнге дейін Шу қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.