Тәртіп – тәрбие бастауы
Жайсан орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы аясында, білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.
Аталған шараға мектеп директоры Е.Абуев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Умбетова, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Сисенов, қамқоршылық кеңес төрағасы А.Диханбаев, мүшелері М.Кемпиреков, С.Касенов және оқушылар қатысты.
Кездесу барысында қонақтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға құқықтық сауаттылықтың, моральдық қағидалардың және қоғамдағы жауапты азаматтық мінез-құлықтың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, тәртіп пен заңға байланысты туындайтын түрлі жағдайларға оқушылардың сұрақтары қаралып, нақты мысалдар арқылы түсіндірме берілді. Шара барысында оқушылардың ой-пікірін тыңдау, өз көзқарастарын ашық айтуға мүмкіндік беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Қонақтар тәртіптің тек мектептегі ереже ғана емес, күнделікті өмірде, қоғамда да маңызды екенін атап өтті. Оқушыларға дұрыс шешім қабылдау, жауапкершілік сезімін дамыту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында кеңестер берілді.
Мұндай кездесулер оқушылардың рухани дамуына, тәрбие мен білімнің бір-бірімен тығыз байланыста екенін түсінуіне үлес қосады.
Мадина Даулетказина,
Жайсан орта мектебінің ұйымдастырушы педагогі.
Жайсан ауылы.