Ақпараттық портал

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның айбынын асырып, беделін арттырып, мерейін асқақтату мәселесі тек оқыту, білім берумен шектелмейтіні белгілі. Ұлттың өзін-өзі сақтауы мен болмысын биіктету – өзінің тіліне деген ықыласына, сүйіспеншілігіне тікелей байланысты болмақ. Өйткені тіл – ұлттың сақтаушысы, өзгеге де, өзіне де ұлтты танытушы.

Ғасырлар бойы жинақтаған саф күмістей тіл қазынасын, оның сөз байлығын баланың жадына мысқылдап енгізу алдымен анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасы бар байлығымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші – халық. Сондықтан халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – жаны, жүрегі. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Еліміз Қазақстан егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды. Өз ана тілімізді дәріптеу өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясында қазақ тілі курсы ашылып, жетекшісі Шолпан Жахайқызы Масатбаева дәріс беріп келеді. Курс барысында республика күніне, ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай әр түрлі іс-шаралар өткізіп отырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының “Тілдерді оқыту” орталығының ұйымдастыруымен өзге этнос өкілдерімен өткен «Үздік тыңдаушы» байқауына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, орыс ұлтының өкілі Анна Сергеевна Лушникова қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіп отырған курс жетекшісі Шолпан Масатбаеваға алғысымызды білдіреміз.

А.Байтұрсынұлы атындағы
гимназия әкімшілігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.