Ақпараттық портал

Су тасқыны кезінде қандай шара қолдану керек?

Табиғат апаттары айтып келмейді. Бірі қарапайым жаңбыр суынан, бірі қар көшкіні, енді бірі сел болып, жер сілкінісі түрінде де кездесуі мүмкін. Бұл табиғи құбылыс және оның жер бетінде орын алып тұруы заңдылық. Жалпы сел және су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?
Су тасқыны – таулы өңірлерде, сай-салаларда жаңбыр суы мен қар суынан жиналып пайда болатын көлемі үлкен су. Оның жылдамдығы соншалық, жолындағы ауыр тас пен үйлерді қиратып кете алады.
Қауіптің боларын алдын ала сезген жағдайда үй ішіндегі техникалық заттар мен токқа қосылған барлық затты қуат көзінен ажыратып, су өтпейтін жерге қойыңыз;
Есік-терезені қымтап жауып, ең құнды деген құжаттарды өзіңізбен алып жүріңіз;
Барынша апат болатын аймақтан қандай жағдай болмасын алыс жүруге және ерте бастан қам жасап, көшуге тырысыңыз;
Ал егер су тасқыны бола қалған жағдайда биік жерге шығуға тырысыңыз. Су көлемі сізге жетпейтініне көз жеткізіңіз. Құтқарушылар келгенге дейін көзге көрінетін жерде және қауіпсіз жерде болыңыз. Бұл сізді тауып алуға септігін тигізеді.
Малдың емес жанның жайын ойлаңыз. Өзіңізбен құнды құжаттан бөлек, бір киер киіміңізді, уақытша ішпек-жемегіңізді және жылы көрпеше алып алыңыз.
Суға ағып кету қауіпі болған жағдайда барынша жағаға ұмтылуға тырысыңыз. Тал бұталарын қармап қалуға, ық ретінде алып тастардың үстіне шығуға талпыныңыз. Қалай болғанда да сабыр сақтаңыз.
Суда жүзуге тура келетін жағдай болса барынша сақтықпен барыңыз. Өйткені суық суда 3 минут тұруға болады. Ал арада 5 минут өткен соң ұстама ауруы басталуы мүмкін. Аяқ-қолыңыз тартылып қалмас үшін де абай болыңыз.
Ең соңғы амал – су ағысы қатты әрі сіз қармайтын ештеңе болмаған жағдайда, су бетінде қалқуға қауқарлы затты ұстап алыңыз. Бұл уақыт ұтуыңызға және көмек келгенше амалдауға көмектеседі.
Апаттан сақ болыңыз! Ең басты құндылық – өзіңіз екенін ұмытпаңыз!

Б.Бегалиев,
Шу ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау майоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.