Ақпараттық портал

Зияткерлік ойыны өтті

«Дүниежүзілік сайлау күніне» орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ОЙЛАIQ» атты танымдық, интеллектуалды зияткерлік ойыны өтті. Аталған іс-шараның І кезеңіне 8 білім беру ұйымының оқушылары мен тәлімгерлері қатысып, ойынның ақтық сайысына жеңімпаз атанған 4 мектептің оқушылары жолдама алды.

«ОЙЛАIQ» атты танымдық, интеллектуалды зияткерлік ойынының аймақтық іріктеуінің ІІ кезеңі М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде жалғасты. Оған 9 мектептің оқушылары мен тәлімгерлері қатысып, ойынның ақтық сайысына жеңімпаз атанған 5 мектептің оқушылары жолдама алды. Осы мекемеде интеллектуалды ойынның іріктеуінен ақтық кезеңге ауданымыздың 17 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, келесі кезеңге 9 мектептің оқушылары өтті.
Білімді жастардың басын қосқан ақтық сайыста белсенділік танытқан 9 команданың ішінен жүлделі І орынды М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі, ІІ орынды Б.Момышұлы атындағы орта мектебі және ІІІ орынды Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының командалары иеленді.
Танымдық, интеллектуалды зияткерлік ойынның негізгі мақсаты – азаматтардың арасында сайлаудың маңыздылығын ұғындырып, жас сайлаушылардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ дауыс беру жүйесімен кеңінен таныстыру болып табылады.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.