Шу аудандық полиция бөлімі қызметке қабылдауға шақырады
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Шу аудандық полиция бөлімі азаматтарды полиция қызметіне қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Полиция қызметі – ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты әрі абыройлы мамандықтардың бірі. Бүгінгі таңда құқық қорғау саласында қызмет атқаруға ниетті, Отанға адал қызмет етуге дайын, жауапкершілігі жоғары азаматтарға үлкен мүмкіндік ұсынылып отыр.
Полиция қатарында қызмет ету – бұл тек жұмыс қана емес, бұл халыққа қызмет ету, заң мен тәртіпті қорғау жолындағы үлкен жауапкершілік. Шу аудандық полиция бөлімі азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосуға шақырады.
Қызметке орналасуға ниетті азаматтар Шу аудандық полиция бөліміне келіп, қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ала алады.
Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.
А.Кенжебаев,
Шу аудандық полиция бөлімінің бастығының жеке құрам жөніндегі
орынбасары, полиция майоры.