Ұлы жеңіс ұмытылмайды
9 Мамыр – Жеңіс күніне орай Мойынқұм ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды!” атты тағылымды кездесу кеші өткізілді. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың өнегелі өмірін насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух пен елге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Кешке жастар мен тұрақты оқырмандар қатысып, Жеңіс күнінің тарихи маңызы жайында кеңінен әңгіме өрбіді. Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы халқымыздың бастан өткерген ауыр кезеңдері, майдан даласындағы жауынгерлердің қайсарлығы мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі туралы әсерлі деректер айтылды.
Кездесу кешінде патриоттық бағыттағы өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Сонымен қатар қатысушылар назарына тарихи мәліметтер ұсынылды. Жастар батырлар ерлігіне тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінді.
Шара барысында «Ер есімі – ел есінде» екені тағы бір мәрте дәлелденіп, ел үшін жанын қиған ардагерлер рухына құрмет көрсетілді. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақты елін, жерін сүюге, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.
Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын тарихи мереке. Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Мадина Аман,
Мойынқұм ауылдық кітапханасының кітапханашысы.