Ғылыми жоба бастау алды
Қазіргі уақытта «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламада қолда бар әлеуетті ескере отырып, өсірілген балық көлемін 30 есеге, 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Бұл балық өсіруге жарамды су айдындарын пайдалану, сондай-ақ жаңа инвестициялық-индустриялық балық өсіру жобаларын іске асыру және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды жобалық қуатына дейін жеткізу есебінен жүзеге асыру көзделген.
Осы орайда сәті түсіп “Балык Fest Shu” қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері мен ауылдық табиғатқа жанашыр азаматтармен “Шу-Талас” облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басқармасы және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Орман шаруашылығы және жер ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының профессоры, академик Абаева Құрманкүл Толеутайқызы және Қазақ ұлттық зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті, Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Искакова Гулсим Оразмбетқызымен, аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымының магистрі Жубанышова Анар Темирханқызы, ауыл шаруашылығы ғылымының магистр лаборанты Разуан Ерғали, ауыл шаруашылығы ғылымының магистр ассистенті Дүйсенбекова Гулжанат Газизқызымен бірлесіп, “Балык Fest Shu” қоғамдық бірлестігінің базасы “Ақсу” су айдынында ғылыми жобалар жасап, балық шаруашылығын дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойдық. Жұмыс барысы сауапты істің бірі – су айдынына сарала қаз балапандарын жіберуден басталды.
Жұмахан Чекаев,
«Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Шу ауданының Құрметті азаматы.