Ақпараттық портал

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары басталды

Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтіп жатыр. Биылғы Азия ойындарына 45 ел мен өңірден спортшылар қатысуда.
Жарыс бағдарламасына спорттың 43 түрі енгізіліп, 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Бәсекелер Аити мен Нагоядан бөлек, Токио, Осака, Сидзуока және Гифу қалалары мен префектураларында да ұйымдастырылуда.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынауда. Отандастарымыз спорттың 35 түрі бойынша жүлдеге таласады.
***
Қазақстан спортшылары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде алты медаль иеленді.
Оның ішінде қазақстандық спортшылар төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.
Велоспорт: Алексей Луценко – алтын, Рината Сұлтанова – алтын;
Каратэ: Жоламан Биғабыл – алтын, Софья Берульцева – алтын;
Триатлон: Арлан Жанабай – қола;
Қазіргі бессайыс: Қазақстан ерлер құрамасы – қола.
Медальдар кестесінде Қытай 11 алтын, 6 күміс, 3 қола жүлдемен көш бастап тұр. Екінші орында – Жапония (6-8-7), үшіншіде – Оңтүстік Корея (4-3-7). Қазақстанның еншісінде 4 алтын және 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, XX Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.