Ақпараттық портал

Интернеттегі алаяқтықтан қалай қорғанамыз?

Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда онлайн кеңістікте түрлі алаяқтық әрекеттер де кездеседі. Сондықтан жастардың интернет қауіпсіздігі туралы білімін арттыру маңызды.

Осы мақсатта №10 Шу колледжінде студенттерге арналған «Интернеттегі алаяқтық: қалай қорғануға болады?» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оның мақсаты – студенттерге интернетте жиі кездесетін алаяқтық тәсілдерін таныстырып, күмәнді жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету.
Тәрбие сағатында өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, SMS арқылы келген кодты сұрау, жалған ұтыс туралы хабарлама жіберу, әлеуметтік желідегі таныстардың атынан ақша сұрау және күмәнді сілтемелер арқылы жеке деректерді қолға түсіру сияқты тәсілдер түсіндірілді.
Студенттер түрлі жағдаяттарды талдап, «Алаяқты таны» тапсырмасын орындады. Олар ұсынылған жағдайлардың қаншалықты қауіпті екенін анықтап, алаяқтыққа тап болғанда не істеу керектігі жөнінде пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ студенттерге SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін және өзге де құпия ақпаратты ешкімге бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді. Күмәнді ақпаратты банктің немесе тиісті ұйымның ресми байланыс арналары арқылы тексеру керектігі айтылды.
Тәрбие сағаты соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, интернетті пайдалану кезінде қырағы болудың маңызын атап өтті. Мұндай шаралар жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жеке деректерін қорғауына ықпал етеді.
Т.АхмедовА,
№10 Шу колледжінің өндірістік
оқыту шебері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.