Ақпараттық портал

ЖЕЛТОҚСАН

Ызғары Желтоқсанның кетпес ойдан,
Жаныған ел намысын өткен майдан.
Ер туып ел мен жерін қорғамаса,
Елімнің еркіндігі келсін қайдан?
Тарихтың мәңгі қалған таңбасындай,
Қан майдан ізі жатыр сан ғасырдан.
Тәуелсіздік әкелген Желтоқсаным,
Аңырақай айқасының жалғасындай.
Зобалаң деме, бұлтын төндіре алмас,
Сонда да қайсар ұлын көндіре алмас.
Алланың жаққан шамын деген екен,
Ақымақ үрлегенмен сөндіре алмас.
Болса да тажал оғы тақалынған,
Шыбын жаным пида деп Отанымнан.
Жастарым жалындаған қарсы тұрды,
Партияның қаймықпай қаҺарынан.
Жауыздардың қашырып құтын, айбаттарын,
Отаршылдық Ордасын жайратқаның.
Есімдерің жатталар ел есінде,
Ләззат, Ербол, Сәбира, Қайраттарым.
Желтоқсанның ызғары өткенін-ай,
Темір торда сұм ажал жеткенін-ай.
«Бостандықта кездесерміз» деген Қайрат,
Арманы, әттең, іште кеткені-ай.
Егемендік деуші едік алмай болмас,
Маңдайға жазған істі көрмей қоймас.
Желтоқсаным жол салды бостандыққа,
Намыс-жігер деген осы, жеңбей қоймас.
Еліме Тәуелсіздік жеткен үшін,
Ерлердің үлгі тұтып еткен ісін.
Еске алып Желтоқсанның құрбандарын,
Гүл қойып қастерлейік ескерткішін.
Туған ел атқан сайын жайнап таңың,
Ойыңды тереңге жөн бойлатқаның.
Тәуелсіздік құнын біліп қасиетте,
Мәңгілік желбіресін байрақтарың!
Бұл өмір қаламайды масылдарын,
Көтерер көкке биік асылдарын
Сәйфудин спортшы шәкірттерің,
Көбейтсін тағып жүрген алтындарын.
Ауданның тырысайық намысына,
Жүлдегерлер көп болсын жарысыңда,
Еңбек етсең емерсің ерінбесең,
Жастарым жас кезінде бағың сына.
Өлеңім тұрсадағы елге ұнай,
Қызғаныштың мылтығын оқтауын-ай.
Жырлаймын жетістігін туған жердің
Руға, жүзге бөлуден сақта құдай.
Шу өңірі қасиетті, киелі аудан
Батыр Қайрат мектебіңде тәлім алған.
Әкімнің қолдаймыз әр іс-шарасын,
Тағзым ету әруаққа дәстүр болған.

Базарбай Асқартегі,
ақын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.