ӨЛКЕМІЗДІ ӨРТ ШАЛМАСЫН ДЕСЕК…
Тұрғын үйлердегі өрттің жиі шығу себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген немқұрайлығы екенін білесіздер ме? Өршелене түскен өрт жылдар бойы жинаған мүлікті жояды, адамдарға қайғы-қасірет әкеліп, тұрғын үйлерді шығынға ұшыратады. Көбінесе өрттердің себепшілері кішкене балалар болып келеді. Аудан көлеміндегі өрттің жалпы санының 65 пайызы тұрғын үйлер секторында орын алған.
Тұрғын үйлердегі өрттің кең таралатын себептері мыналар:
-өшірілмеген темекі тұқылы;
-қараусыз қалған, ажыратылмаған электр құралдары;
-тұрмыстық химия заттарын қолдану ережелерінің сақталмауы;
-ақаулы электр өткізгіштер;
-балалардың отпен ойнауы;
-тұрмыстық газ құралдарын, сұйықталған газ баллондарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы;
-пеш құрылымын пайдалану кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.
Д.Өмірзақ,
Шу ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.